Ұлттық құрылтайдың бастамалары — колледж қабырғасында талқыланды
2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағына бағытталған маңызды мәселелерді көтеріп, нақты тапсырмалар берді.
🔹 Осыған орай, Семей қаржы-экономикалық колледжінде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Президент бастамалары кеңінен талқыланды.
🧾 Талқыланған негізгі бағыттар:
1️⃣ Әділ салық жүйесін құру
2️⃣ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу
3️⃣ Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау
4️⃣ Қоршаған ортаны қорғау
5️⃣ Жастар арасындағы діни ахуал
6️⃣ Жұмысшы мамандықтарын дамыту
💡 Колледж жастары Президенттің жастарға арнаған үндеуін ерекше қызығушылықпен тыңдап, еңбек нарығына қажет маман болуға дайын екенін білдірді. Ұлттық құрылтайда жарияланған 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы колледжіміз үшін үлкен серпіліс болмақ.
📣 Біз осындай кездесулер арқылы жастардың ел тағдырына бей-жай қарамай, белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашамыз!