СФЭК студенттері Жидебайда!

Бүгін Семей қаржы-экономикалық колледжінің 1-курс студенттері ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының кіндік қаны тамған киелі мекен – Жидебайға танымдық сапар жасады.

🌿 Бұл саяхаттың мақсаты – болашақ мамандардың туған жер тарихына, рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру, Абай мұрасымен тереңірек таныстыру.

🕌 Студенттер Абайдың музей-үйін, кітапханасын, мұражай кешенін аралап, ұлы тұлғаның өмір жолымен, шығармашылығымен етене танысты. Сапар барысында жастар өз ойларымен бөлісіп, әсерлі сәттерді бірге бөлісті.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *