Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” сәтті өтті!
Колледжіміздің директоры АБЫЛКАСИМОВА ЛАРИСА ОРАЛБАЕВНА фестивальге қатысып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, директордың кәсіби даму жөніндегі орынбасары ИМАНГАЛИКОВА ЖАНЕРКЕ МЕЙРАМҒАЗЫҚЫЗЫ 3 дәрежелі дипломды иеленіп, өздерінің білім беру саласындағы үздік тәжірибелерін ортаға салды.
Фестивальге еліміздің 400 ұстазы қатысты, әрқайсысы өздерінің инновациялық идеялары мен педагогикалық тәжірибелерін бөлісіп, білім беру саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Бұл шара ұстаздарымыздың жаңа биіктерге ұмтылуын әрі білім сапасының артуына ықпал ететін маңызды оқиға болды.
Жетістікке жеткен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттар мен ұстанымдарға жету жолында әрбір ұстаздың еңбегі үлкен маңызға ие.