2024 жылдың 12 -науырызында кітапхананың оқу залында , «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Ж.Е.Мансарина «Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты «Еркін микрофон» шарасын өткізді.

Іс — шараға 23 ЕА-4 тобының студенттері қатысты.

Шара барысында «Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» бейнефильмі көрсетіліп, студенттермен қазіргі заманғы қыздардың тәрбиесі жайлы сұқбат жүргізілді. Студенттер өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар әрбір қыз баласы оқу тиіс деген кітаптар ұсынылды.
Атап айтқанда:
1.»Махаббат, қызық мол жылдар». Ә. Нұршайықов.
2. «Махаббат жыры». Ә. Тарази.
3. «Дауа». Ф. Оңғарсынова.
4.»Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік». Ж. Көбекбай.
5.»Ұлпан». Ғ. Мүсірепов.
6.»Айналайындарым менің». Д. Матайқызы,
7.»Бабалар аманаты». З. Ахметова
8.»Идеал гардеробтағы 100 зат» («100 вещей идеального гардероба»). Н.Гарсия.
9. «Әрекет ет! Сәттіліктің 10 парызы»(«Действуй! 10 заповедей успеха»). Ицхак Пинтосевич.
10. «Оңай өмір сүр!» («Живи легко!»). Эндрю Мэтьюз.

#оқуғақұштарколледж

#біртұтастәрбие

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *