🔰2023 жылдың 20 желтоқсанында «Абай облысы білім басқармасы»ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы»КММ мен Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы –экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен “КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ РӨЛІ» тақырыбында Абай облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашыларына облыстық семинар-практикум өтті.

✅Облыстық семинар-практикумның мақсаты маман даярлауда заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру және колледж кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру болды.

❇️Семинар-практикумның пленарлық отырысында колледж директоры Абылкасимова Лариса Оралбаевна «Оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеудегі педагогтің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.

❇️Тәжірибе алмасу мақсатында кітапханашылар: Ж.Е. Мансарина, Н.М.Батырханова «Колледж өміріндегі кітапхананың рөлі» атты шеберлік сағатын өткізді.

❇️Колледждің педагог-психологі Коленова А.А. «Білім көзі кітапта» тренингін өткізді.

❇️Колледждің 1 курс студенттерінің топ жетекшілері А.Т. Аймағамбетова, Р.К Сүлейменова , М.Г.Алимгожина «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттермен «Оқу сағаттарын» демонстарциялады.

❇️Д.Н. Есімханова студенттермен өз мамандықтарына қатысты әдеби мотивациялық кітаптар бойынша «Кітап өмірлік ұстаз» атты топ сағатын өткізді.

❇️Экономика пәні оқытушысы А.Н.Искаков мерзімді басылымдарды пайдалана отырып «Экономикалық жүйе және оның элементтері» атты сабақтан үзінді көрсетті.

❇️”Talking Titans” клуб жетекшісі Серікқан А.Е. ағылшын тілінде кітаптарға презентация жасау тәсілдерін көрсетті.

🟢Жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, кітап оқу арқылы әлемді тануға деген қызығушылығын, кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикум өте жоғарғы деңгейінде өтті.

#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы#біртұтастәрбие#оқуғақұштарколледж#кітапхана-колледжжүрегі #облыстықсеминар#кітапханашышеберліксағаты#кітапханашылар

@abai_bilim_basqarmasy@oqu_agartu_ministrligi

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *