Конституция күні құтты болсын!

📌 Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді мемлекетіміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – елдігіміздің алтын діңгегі, тәуелсіздігіміздің айқын айғағы, халқымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты кепілі. Ол – еліміздің саяси, экономикалық, рухани дамуының негізі, болашаққа нық қадам басудың жолбасшысы.

Бүгінгі мереке – әр қазақстандық үшін әділдікке, теңдікке және бірлікке деген сенімді нығайтатын ерекше күн. Халқымыздың ынтымағы мен татулығының арқасында мемлекетіміздің мәртебесі артып, әлемдік аренада өз орнын ойып алуда.

Аналар қауымының атынан баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, бейбітшілік пен амандық тілеймін!
Отанымыздың еңсесі биік, елдігіміздің тұғыры берік болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *