Семей қаласындағы IT-мектеп-лицей №50 қабырғасында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Бұл игі істі “Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің” ұжымы директор Лариса Оралбаевнаның бастауымен жүзеге асырды.
Акция аясында көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына мектепке қажетті кеңсе заттары мен мектеп формасы табысталды. Бұл көптеген ата-ана үшін жаңа оқу жылына дайындықта үлкен қолдау болды.
Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мектептің қамқоршылық кеңесі, Семей қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты.
Акцияның басты мақсаты – балаларға материалдық көмек берумен қатар, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Осындай қайырымды шаралар қоғамда бірлік пен ізгілікті арттырып, жарқын болашаққа сенім ұялатады. 🌟