Бүгін, 15 тамыз күні, Астанада өткен республикалық Тамыз кеңесі өтті.

Бұл жиын – еліміздің білім беру саласының дамуы мен келешегін айқындайтын маңызды алаң.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұстаздарға көрсетіп отырған қолдауы – бізге үлкен сенім мен жаңа мүмкіндіктердің кепілі. Білім саласын жаңғыртуға арналған бағдарламалар, материалдық-техникалық базаны нығайту, педагогтердің мәртебесін арттыру – барлығы да ұрпақ тәрбиесіне жасалған баға жетпес инвестиция.

Мен үшін алған Үздің ұстаз атағы – кәсіби еңбегіме берілген ең жоғары бағалардың бірі. Бұл жетістік – менің ғана емес, бүкіл Абай облысының педагогтер қауымының ортақ еңбегінің нәтижесі.

Өз үлесімді қосып жүрген білім беру ісіндегі оң өзгерістер – шәкірттеріміздің жетістігімен, елдің болашағымен өлшенеді. Осы жолда Мемлекет пен қоғамның қолдауына шын жүректен ризамын.

Ұрпақ тәрбиесі – ел ертеңі. Бәріміздің ортақ мақсатымыз – білімді, саналы, отаншыл ұрпақ өсіру! 

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *