
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Абайға құрмет» атты ерекше акция бастау алғаны – халқымыздың рухани мұрасы мен бірлігін ардақтаудың айқын көрінісі.
🤝 Президенттің ұлт руханиятына, Абай мұрасына және аймақтар арасындағы ынтымаққа зор мән беріп отырғанына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Осы бастама аясында бүгін Маңғыстау облысынан арнайы делегация Семей қаласына келіп, аймақ басшысы Берік Уәлимен кездесті. Делегация құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, әкім орынбасары Тілеген Әбішев, Қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және қоғам қайраткері Даржок Сейбағитов болды.
🏛 Маңғыстау облысы Абай халқына айрықша тарту жасап, Семей қаласында жаңа Облыстық Достық үйін салып беруді қолға алды. Бұл – өңірлер арасындағы достықты нығайтатын үлкен қадам.
🌍 Аймақ басшысы Берік Уәли Маңғыстау жұртына, әсіресе облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлына ризашылығын білдірді:
“Батыс пен шығысты жалғаған осындай рухани көпір – еліміздегі ұлттық бірліктің, ортақ ниеттің, татулықтың символы. Бұл – Абайға ғана емес, болашаққа құрмет”, – деді облыс әкімі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы, ел болашағы үшін жасап жатқан игі бастамаларыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. «Абайға құрмет» акциясы – елдің тұтастығы мен рухани жаңғыру жолындағы тағылымы мол бастама!”