🌿 Абай рухына тағзым – ұрпақ тәрбиесіне үлес!

Бүгін Абайдың 180 жылдығына орай
«Рухани тазалық пен салауатты сана: Абай қара сөздері аясында» атты
Республикалық аналар форумы өтті!

Форум шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген аналар, ұстаздар, ғалымдар мен қоғам белсенділері бас қосып, Абайдың қара сөздеріндегі терең мағына мен рухани тәрбие мәселелерін ортаға салды.

📍 Пленарлық отырыс – АBU конференц-залында
📍 Диалогтық алаңдар – СФЭК колледжінде ұйымдастырылды.

🔹 Форум аясында:
• 180 ана Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындап, ерекше челлендж жасады
• Қоғамдағы 5 әлеуметтік кеселге қатысты маңызды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтылды
• Ананың рөлі, отбасылық тәрбие, ұлттық болмыс мәселелері кеңінен қозғалды

✨ Бұл шара – руханиятты, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды алаң болды.

🙏 Аналар кеңесінің атынан форумға атсалысқан баршаңызға алғыс білдіреміз!
Бірлігіміз бекем, рухымыз биік болсын!

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *