
📣 Абайдың 180 жылдығына орай «Рухани тазалық пен салауатты сана: Абай қара сөздері аясында» атты Республикалық аналар форумы табысты өтті!
📍 Пленарлық отырыс – АBU конференц-залында
📍 Диалог алаңдары – СФЭК колледжінде ұйымдастырылды.
Форум аясында:
🎶 Абай алаңында 180 ана “Желсіз түнде жарық-ай” әнін орындады
🗣 Абай мұрасы мен рухани құндылықтар жайлы терең пікірталастар өтті
💬 Қоғамның 5 әлеуметтік кеселін талқылаған секциялар ұйымдастырылды
👩👧 Ананың рөлі, отбасылық құндылықтар мен жастар тәрбиесі басты назарда болды
🔹 Форум – тәжірибе алмасу, руханиятты дамыту және Абай ілімін ұрпақ санасына сіңіру жолындағы маңызды қадам болды.