✨ Бүгін Абай рухымен тыныстаған ерекше күн!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған
«Рухани тазалық пен салауатты сана: Абай қара сөздері аясында» атты
Республикалық аналар форумы жоғары деңгейде өтті!
📍 Пленарлық отырыс – АBU конференц-залында
📍 Диалогтық алаңдар – СФЭК колледжінде өтті.
Форум мақсаты – Абайдың қара сөздері арқылы рухани құндылықтарды жаңғырту, ананың қоғамдағы рөлін айқындау, салауатты сана мен өмір салтын дәріптеу.
🔹 Форум аясында:
• 180 ана «Желсіз түнде жарық-ай» әнін бірге шырқады
• Қоғамдағы 5 әлеуметтік кеселді талқылаған секциялар жұмыс істеді
• Абай ілімі негізінде ұрпақ тәрбиесі мен отбасы құндылықтары сөз болды
Бұл форум – руханиятты, ұлттық мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам болды!