СФЭК колледжінде өткен «Көшбасшы мектебі» жобасы сәтті аяқталды! 💡✨
Басты мақсат – болашақ мамандардың көшбасшылық қабілетін дамыту, креативті ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттер өз жобаларын 3 кезең бойынша таныстырды:
🎥 1 кезең – Бейнеподкаст:
Қатысушылар “Көшбасшылық деген не?” тақырыбында подкаст дайындап, өз көзқарастарын шығармашылықпен жеткізді.
🎤 2 кезең – TEDx форматындағы қорғалым:
Студенттер сахнада өз идеяларын нақты әрі әсерлі түрде қорғап, аудиторияны баурап алды.
🖼 3 кезең – Постерлік жоба:
Әр топ өз жобасының мазмұнын визуалды түрде көрсетіп, постер арқылы идеяларын қорытындылады.
🌟 Бұл жоба – студенттерге өз әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиетін дамытуға, сенімді сөйлеуге үлкен мүмкіндік берді!