Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты сындарлы талқылау және ақпаратпен еркін алмасу, экономикалық білім берудің екі деңгейлі жүйесін жаңғырту мен дамытудың тиімді тәжірибесін тарату, жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықта инновацияларды енгізу, колледж студенттерінің адамгершілік мұраттарын қалыптастыру үшін алаң ұсыну болды.
Конференцияның пленарлық отырысында педагогика ғылымдарының докторы, Орталық-Азия инновациялық университетінің профессоры Кондубаева Мариям Рамазановна «Синергия деятельности педагога-финансиста Т.Т.Тусупбекова» тақырыбында баяндама оқыды.
🔸Конференцияда келесі секциялар бойынша жұмыстар жоспарланды:
Секция 1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтағы экономикалық білім беру мəселелері мен жаңғырту.
Секция 2. Экономикалық білім берудің екі деңгейлі жүйесін дамыту перспективалары.
Секция 3. Жоғары оқу орнынан кейінгі даярлықта экономикалық жəне бизнес-білім беруді дамытуға инновацияларды енгізу.
Секция 4. Қаржы-экономикалық колледждер студенттерінің адамгершілік мұраттарын қалыптастыру: проблемалар, шешу жолдары, перспективалар.
🔹Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда оқытушылар, экономика саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті
🔸Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғыстан мемлекеттерінің ЖОО және колледж оқытушылары қатысты.
Конференция соңында барлық конференция қатысушыларына «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ атынан Алғыс хаттар мен Сертификаттар табысталды.
#халықаралықконференция#Абай облысы білім басқармасы #sfek#абайоблысыбілімбасқармасы#международнаяконференция