Кездесудегі басты мақсат: оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларды мамандық таңдауға дайындауға, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу . Кәсіби бағдар беру жұмысы Қ.Рыскулбеков атындағы орта мектеп және Бесқарағай ауданының жалпы білім беретін мектептерінде өтіп, ауыл мектептері де ақпараттандырылды. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысып,өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.