2024 жылы 23-сәуірде колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Жыл оқырманы-2024» байқауы өтті. «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында өткен іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқу мәдениетіне баулу, кітап деген құнды қазынаны қадірлей білуге, оқу арқылы рухани-мәдени құндылықтарымызды сақтауға үйрету.
Шара барысында қатысушылар бірінші кезеңде өздері туралы және қандай жанрдағы кітаптарды оқуды ұнататыны жайлы бейнеролик көрсетті. Ал екінші кезеңде биылғы 2024 жылғы мерей той иелері ақын-жазушылар және «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде оқырмандар кезекпен өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап, шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.
Қазылар алқасы байқауды қорытындылай келе, бас жүлдеге «Жыл оқырманы-2024» иегері 23ЕА-1 тобының студенті Шапенова Д., «Білімді оқырман» номинациясы жүлделі 1-орынға 23 ЕА-3 тобының студенті Топатаева К., «Белсенді оқырман»номинациясы жүлделі 2-орынға 23 ЕА-3 тобының студенті Алаберген Д., «Талғампаз оқырман» номинациясы жүлделі 3-орынға 23 MS -1 тобының студенті Смагулов Д. лайық деп танылып марапатталды.
Көркем шығарманы оқыту арқылы өз Отанын сүйетін, тәлімі мен тағылымы мол ұрпақ тәрбиелей аламыз.
#оқуғақұштарколледж #біртұтастәрбие