📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі.

⚪️ Бүгін 6 сәуір күні сағат 13-00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.
Президент су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында , яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланғанын нақтылады.
✅ “Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес”, — деді Мемлекет басшысы.

Осындай қиын кезде Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын және рухтың беріктігін сақтау аса маңызды.Сондықтан да бірлігіміз жарасқан елімізде , барлығымыз қолдан келген көмегімізді аямай көмек көрсетейік.

#бірлігімізжарасқан#менелімніңпатриотымын#менелімніңертеңімін#елімініңболашағынасенемін#бірлікбаржердетірлікбар

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *