📍Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!

Осыған орай 1 наурыз қарсаныңда БАЙСЕИТОВ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУШЫЛАР МЕКТЕБІНІҢ @bayseitov_intellectual_schoo ұйымдастыруымен алғыс айту челенджі өткізілді.

💐🎉Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Сонымен қатар түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

🤝Алғыс айту күні еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға да қала берсе барша отандастарымызға алғыс білдіретін күн екенін ұмытпайық!

💐1 наурыз – мереке достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын дәлелі. Баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын!

#алғысайтукүні#алғысайтукүніқұттыболсын#алғысайтукүні❤#абайоблысыбілімбасқармасы#абайоблысымәдениет#байсейітовшы❤#бшбм🏢

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *