28 ақпан күні «Оқуға құштар колледж» аясында «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде» сағат 12:00 челлендж өткізілді.

Оқушылар өздері таңдаған кітабынан үзінді оқып, басқа да қатысушылармен ойларымен бөлісті.
Кітап оқу өз кезегінде білім алушылардың кітап оқу белсенділігін арттыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Көркем әдеби-шығармаларды оқу негізінде білім алушылардың рухани дүниесін байиды, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді.
Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітапоқуға тарту. Міндеттері:
— Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту
— Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
— Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарымқатынас жасау мәдениетін дамыту. 

#оқуғақұштармектеп
#люблючитать
#моялюбимаякнига
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *