✅Облыстық семинар-практикумның мақсаты маман даярлауда заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру және колледж кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру болды.
❇️Семинар-практикумның пленарлық отырысында колледж директоры Абылкасимова Лариса Оралбаевна «Оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеудегі педагогтің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
❇️Тәжірибе алмасу мақсатында кітапханашылар: Ж.Е. Мансарина, Н.М.Батырханова «Колледж өміріндегі кітапхананың рөлі» атты шеберлік сағатын өткізді.
❇️Колледждің педагог-психологі Коленова А.А. «Білім көзі кітапта» тренингін өткізді.
❇️Колледждің 1 курс студенттерінің топ жетекшілері А.Т. Аймағамбетова, Р.К Сүлейменова , М.Г.Алимгожина «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттермен «Оқу сағаттарын» демонстарциялады.
❇️Д.Н. Есімханова студенттермен өз мамандықтарына қатысты әдеби мотивациялық кітаптар бойынша «Кітап өмірлік ұстаз» атты топ сағатын өткізді.
❇️Экономика пәні оқытушысы А.Н.Искаков мерзімді басылымдарды пайдалана отырып «Экономикалық жүйе және оның элементтері» атты сабақтан үзінді көрсетті.
❇️”Talking Titans” клуб жетекшісі Серікқан А.Е. ағылшын тілінде кітаптарға презентация жасау тәсілдерін көрсетті.
🟢Жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, кітап оқу арқылы әлемді тануға деген қызығушылығын, кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикум өте жоғарғы деңгейінде өтті.
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы#біртұтастәрбие#оқуғақұштарколледж#кітапхана-колледжжүрегі #облыстықсеминар#кітапханашышеберліксағаты#кітапханашылар