✅Сайлауда колледж Парламентінің мүшелері кезекшілікте болып,ашық әрі әділ сайлаудың болуын қадағалады.
Студенттер Парламентінің Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған колледжіміздің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, көшбасшы 1- 3 курс аралығындағы үміткер-студенттер қатысқан болатын.
Сайлауға 460 студент және 80 оқытушы белсенді қатысып, дауыс берді.
Нәтижесінде сайлау бюллетені арқылы төмендегідей көрсеткіш көрсетті:
1.Билялов Әлемжан 21BQ-1 -29,7%
2.Адрисова Акбота 22ЕА-2 — 23%
3.Муратбеков Мансур 22AQ -21%
4.Катеринич Яна 22MS-2 -15%
5.Абылкасимов Бөкейхан 23ЕА-3 — 11,3%
✅Сайлау нәттжесінде 21BQ-1 студенті Билялов Әлемжан 29,7% көрсеткішімен жеңіске жетіп, колледжіміздің студенттік парламентінің президенті болды.
Билялов Әлемжанды, жеңісімен құттықтаймыз! Әлемжанға шығармашылық табыстар, тың идеялар, бағындырар үлкен белестер тілейміз.